Биржада доллар бағасы 538 теңгеге өсті

10 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа бағамы 538,2 теңгені құрап, 1,46 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық Банктің бүгінгі ресми бағамы – 536,76 теңге.

Kurs.kz сайтының деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 538,02 теңге, сату бағамы – 539,85 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537 теңгеден сатып алынып, 542 теңгеден сатылуда.

Еске сала кетейік, 8 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге төмендеген, ал 9 қыркүйекте 1,67 теңгеге қымбаттаған еді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам