Блогер Райхан Жұмамұратоваға «аутист балаларды өлтіру керек» деген пікірі үшін қылмыстық іс қозғалған болатын. Ол бүгін видеоүндеу жасап, аутист балалардың ата-аналарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Инстаграм желісінде бір видеоны көріп, мен өте ауыр комментарий айтып қойдым. Бірақ мен аутист балалардың ата-аналарының жүрегіне тиеді деген арам оймен айтпадым. Мен ол жерде эмоцияға беріліп, ашумен сондай сөз жазып қойдым. Ауыр айтқаным үшін аутист балалардың ата-аналарынан кешірім сұраймын. Ойланбай айтып қойғаным үшін ренжімеңіздер», – дейді ол.