Берденов сотында тілін шығарған судьяға қатысты шешім шықты

Бүгін, 15:52 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Шымкенттегі судьялық әдеп жөніндегі комиссия қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша өткен сот процесінде төрағалық еткен судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше тексеріс материалдары республиканың Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жолданған.

«Судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриінде мәні бойынша қарауға жіберу туралы шешім қабылдады. Аталған шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағым түсіруге құқылы», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

судья тілін шығару Берденов