Елена Рыбакина қазақтың қай тағамын жақсы көретінін айтты

Бүгін, 15:33 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Атақты теннисші Елена Рыбакина қазақ асханасындағы ең сүйікті тағамын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

10 қыркүйекте Алматыда Билли Джин Кинг кубогі қарсаңында баспасөз мәслихаты өтті. Әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина қазақ асханасынан қай тағамды ұнататыны туралы сұраққа жауап берді.

«Мен бауырсақ деп айтар едім, өйткені етті өте сирек жеймін, ал сүт өнімдерін мүлде тұтынбаймын. Сондықтан мен үшін бауырсақ – ең дәмдісі. Үнемі түрнирлерге барамыз, бірақ мұндай асты еш жерден кездестірмейсің. Еуропада да, Америкада да жоқ», – деді Рыбакина.

Тэгтер:

спортшы Елена Рыбакина теннис бауырсақ