Алматыда айырбастау пунктінің қасында белгісіз адам қала тұрғынынан 13 млн теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция қызметкерлері күдіктіні – 39 жастағы Алматы тұрғынын анықтап, ұстады.
«Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен ақша, қылмыс жасалған сәтте бейнежазбадан байқалған киім, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдер тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр, оның басқа да осындай фактілерге қатысы тексерілуде», – деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.