Сайрам-Өгем паркінде Қызыл кітаптағы аң фототұзаққа түсіп қалды

Бүгін, 12:33 / Інжу Әлихан
скриншот

Фототұзақтарға Қазақстанның Қызыл кітабына енген, табиғатта сирек кездесетін жабайы жануарлар түсіп қалды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізіліп жатқан кешенді қорғау шаралары өз жемісін беруде. Соңғы жылдары ұлттық парк қызметкерлерінің жіті қадағалауы мен табиғатты ұдайы бақылауы нәтижесінде жабайы жануарлар дүниесінің айтарлықтай өсімі байқалып отыр", — делінген хабарламада.

Экологиялық мониторинг деректеріне сәйкес, қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Қаратау арқары және өзге де сирек кездесетін аңдардың саны жылдан-жылға тұрақты түрде артып келеді.

Мұндай оң өзгерістер ең алдымен орманшылар мен инспекторлардың тынымсыз еңбегінің арқасы. Олар заңсыз аңшылықтың алдын алу, жануарлардың мекен ету ортасын сақтау, сондай-ақ табиғи тепе-теңдікті қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

Тэгтер:

Қызыл кітап фототұзақ