Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия кубогінің алғашқы күнінде үш медаль жеңіп алды

Бүгін, 11:12 / Алуа Арман
olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауқымды турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медальға қол жеткізді. Барлығы - қола жүлде.

Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.

Тэгтер:

Медаль жүлде Қола жүлде Семсерлесу Азия кубогі