Теміртау қаласында мектептерде жарылғыш заттар бар деген ақпарат таралып, тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырды. Құқық қорғау органдары бұл қауесетке жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ресми түрде хабарлаймыз: бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әдейі жалған мәлімет тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық оқу орындары полиция қызметкерлері тарапынан тексеріліп, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД.
Ведомство мұндай «әзілдердің» авторлары үшін қымбатқа түсуі мүмкін екенін атап өтті: терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Теміртау тұрғындарын сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.