Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешім қабылдады

Бүгін, 10:23 / Інжу Әлихан
Үкімет. Фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық салаларын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берілді:

Денсаулық сақтау саласында НҚА-ға өзгерістер енгізу негізінде ЖИ дамитын болады, бұл медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобаларды енгізуге септік етеді. Мәселен, дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды  ерте анықтау бойынша функционал іске қосылмақ. Осы жылдың соңына дейін 7 ақпараттық жүйе 2-ге біріктірілмек. Осындай жұмыспен салада жұмыс істеп тұрған барлық 30 АЖ қамтылады. Осылайша, бірін бірі қайталайтын жүйелер шоғырландырылады, бұл медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады.

 Энергетика саласына жасанды интеллекті технологияларын енгізу, электр және жылу желілерін диагностикалау үшін дрондарды пайдалану ақауларды дәл анықтай отырып, объектілерді қысқа мерзімде толық тексеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалалық инфрақұрылымды тексеру үшін құбырлардың бойымен қозғалу үшін қажетті датчиктермен жабықталған арнайы құрылғыларды пайдалану және инфрақұрылымның қазіргі жағдайын ішкі жағынан тексеру жоспарлануда. Бұл шаралар мониторингке, уақтылы ден қоюға, ақаулардың бірыңғай базасын және сыни дәрежелерге бөлінген жөндеу жоспарларын қалыптастыруға бағытталған. Жасанды интеллектіні енгізу еңбек шығындарын азайтады, энергиямен тұрақты жабдықтауға және жылыту маусымының ойдағыдай өтуіне ықпал етеді.

Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру энергетикалық жүйенің киберқауіпсіздік саласындағы шараларын күшейте түседі. Орталық мамандары саланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның ерекшелігін ескере отырып, энергетикалық объектілерге қойылатын жаңа талаптарды әзірлейтін болады.