Полиция Алматыда қызға тиіскен жігіттің кім екенін анықтады

Бүгін, 09:35 / Алуа Арман

Бұл жағдайға Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның қызға қатысты әдепсіз әрекет жасап, кейін қашып кеткені түсірілген видео таралды. Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушының тұлғасын анықтап, оны ұстады. Ол – 14 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Оның ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал кәмелетке толмаған жасөспірім мектепішілік есепке қойылды», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, бұл жағдайға қатысты материалдар Түрксіб ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады.

«Жасөспіріммен және оның отбасымен профилактикалық жұмыс жүргізілді, оған психолог та қатысты», – деді полиция.

Тэгтер:

қыз Жігіт бойжеткен