Алғашқы медаль: Наталья Богданова әлем чемпионатында түркиялық боксшыны жеңді

Бүгін, 07:29 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

Ол 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында түркиялық Сема Чалышканмен өзара мықтыны анықтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Наталья Богданова алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Нәтижесінде еш қиындықсыз жеңіске жетті. Осылайша, боксшымыз кем дегенде қола жүлдеге ілікті. Наталья Богданова (70 келіге дейін) енді әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.

Жартылай финалдық жекпе жекті 13 қыркүйек Шантель Рейдке (Англия) қарсы өткізеді.