Алматы облысында 20 жастағы жігіттің денесі табылды

9 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Алматы облысындағы Бесағаш ауылында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары жас жігіттің денесін тауып алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желілер арқылы тарады.

Оқиға 8 қыркүйекте «Аспан сити» тұрғын үй кешенінде болғаны белгілі. Алынған деректерге қарағанда, жас жігіт 12-қабаттағы ортақ балконнан секіріп кеткен.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 8 қыркүйек күні Бесағаш ауылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде Алматы қаласының 20 жастағы тұрғынының суицид жасау дерегі бойынша тергеу басталған. Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізілуде. Бастапқы болжам бойынша, марқұм бұған дейін де өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған болуы мүмкін.

Тергеу нәтижелері бойынша заң аясында тиісті шешім қабылданатыны айтылды.

Тэгтер:

Алматы Бесағаш