Бокстан ӘЧ: Нұрбек Оралбай Қытай қазағын жеңіп, ширек финалға өтті

9 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова
Olympic.kz

Қазақтан ерлер құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті.

80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай бұл кезеңде Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатханмен кездесті.

Үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермеген Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) әлем біріншілігінің ширек финалына өтті.

Тэгтер:

Нұрбек Оралбай Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатхан Бокстан әлем чемпионаты