Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсіріп, ширек финалға өтті (ВИДЕО)

9 қыркүйек, 2025 / Дана Ізтілеуова
Видеодан скриншот

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Косово елінің өкілі Башким Байокумен өзара мықтыны анықтады. 

Махмұд алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреп, нокаутқа жіберді. Осылайша мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

Тэгтер:

Махмұд Сабырхан нокаут