Ақтаулық прокурор Алматы әуежайында ұсталды

9 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
Ақтау қаласының прокуратурасы

Маңғыстау облысының прокуратурасы өз қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қадағалаушы орган қызметтік тексеріс бастады.

"Осы факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданады", – делінген хабарламада.

Саясаттанушы әрі Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділовтің мәліметінше, прокурор Ерболат Әбдіров мас күйінде жанжал шығарып, ұсталған. Оқиға оның еңбек демалысы кезінде болған көрінеді.

Әбдіров 2024 жылдың ақпанында Ақтау қаласының прокуроры болып тағайындалған.

Тэгтер:

Әуежай прокурор