Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда бірнеше ұл бала қызды дәретханаға тартып кіргізіп, сосын кабинаны жауып жатқаны көрінеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Stan.kz мәліметінше, Жамбыл облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжановтың айтуынша, қыз дәретханадан қателескен. Содан кейін балалар оны кабинаға сүйреп әкелген. Бірақ оған қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасалмаған.
Балалар омбудсменінің айтуынша, мектеп әкімшілігі бұл оқиғаны жасыруға тырысқан.
Бұл оқиғаны интернаттың әкімшілігі жоғары органдардан, білім беру басқармасынан, облыстық полиция департаментінен барлығынан жасырған. Қазір комиссия тексеру жүргізді. Тәрбиешілерге, мұғалімдерге, әкімшілік пен директорға тәртіптік жаза қолданылды.
Қазір қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ оны ата-анасының қалауы бойынша басқа мектепке ауыстырған.