Ақмола облысында астық тиелген жүк көлігі өртенді

9 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
112

Бүгін  Ақмола облысында Шортанды ауданының Жолымбет және Қаражар кенттері арасында астық тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шақыру орнына өрт сөндіру бөлімшесі, сондай-ақ "Ауыл құтқарушылары" жедел келді. Бірлескен күш арқасында өрт 6 ш. м. алаңда жойылды, осылайша одан әрі таралуына жол берілмеді және жүк құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ автомобильдерді пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсетуді сақтау қажеттілігін еске салады.

Тэгтер:

Ақмола облысы өрт Астық