Балқаш қаласының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру барысында мемлекеттік тұрғын үйлерді заңсыз пайдалану деректері анықталды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мүгедектерге және көпбалалы отбасыларға тиесілі пәтерлерде келісімшартсыз тұру фактілері орын алған. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы жалға беріліп келген және бос тұрған пәтерлер де анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді. Балқаш қаласының әлеуметтік осал санатындағы екі тұрғыны — жетім және жалғызбасты ана — заңды тұрғын үйге ие болды, басқа пәтерлер бойынша құжаттарын ресімдеу жүмыстары жүргізілуде.