Оралда автокөлік бағанға соғылып, жолаушы көз жұмды

9 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
pixabay.com

Оралда жеңіл автокөлік бағанаға соғылып, салдарынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде куәгерлердің зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан сәті бейнеленген видео тарады.

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы түнгі сағат бір жарым шамасында Күлтегін көшесінде болған.

"ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жарық шамының тірегіне соғылған. Қатты соққыдан бағана құлап, көлік аударылып, сайға ұшып түсті", – деп хабарлады облыстық ПД.

Белгілі болғандай, 21 жастағы жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды. 19 жастағы жүргізуші қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Тэгтер:

Орал Автокөлік жолаушы баған