Алматы облысының тұрғыны алты жолаушы қаза тапқан жол апаты үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 2025 жылғы 20 мамырда Алматы – Екатеринбург трассасында болды. Ішінде 10 жолаушысы бар Ford Transit микроавтобусының жүргізушісі қозғалыс құралын толық бақылауды қамтамасыз етпейтін, қауіпті жылдамдықпен келе жатқан. Ол рөлге ие бола алмай, шекаралық бекет маңында жолақта тұрған жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.
Салдарынан алты жолаушы оқиға орнында көз жұмып, тағы төртеуі түрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Сотталушының жеке басын, оның кәмелетке толмаған балаларының барын, кінәсін мойындағанын және жасаған ісіне өкініш білдіргенін ескере отырып, сот оған бес жылға ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен қатар, көлік құралдарын басқару құқығынан да сол мерзімге айыру жазасын тағайындады», – деді сот.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.