Мамандардың айтуынша, нанды сақтау үшін ең қолайлы орын – арнайы нан салғыш немесе қағаз қап. Нанды өткір иісі бар азық-түліктермен бірге сақтамаған жөн, деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.
Полиэтилен пакетке салу нанның жұмсақтығын ұзақ сақтауға көмектеседі. Алайда жаз айларында асүй ыстық болғандықтан, пакет ішінде ылғал көбейіп, «парник эффекті» пайда болады. Бұл зең мен түрлі микроағзалардың дамуына жағдай жасайды да, нан тез бұзылады.
Егер наннан жасыл, қара немесе ақ түсті зең байқасаңыз, оны жеуге болмайды. Себебі көзге көрінетін қабат – зеңнің беткі бөлігі ғана. Ал мицелий мен споралары нанның ішін түгел жайлап үлгеруі мүмкін. Мұндай нанды тұтыну аллергиядан бастап денсаулыққа түрлі зиян әкелуі ықтимал.
Нан ұзақ сақталуы үшін оны тоңазытқышта сақтауға болады, бірақ бұл жағдайда ол тез қатып қалады. Егер нанды бір аптадан ұзақ сақтағыңыз келсе, оны мұздатқан жөн. Кейін бөлме температурасында ерітіп немесе пеште қыздырып жесеңіз, дәмі мен құрылымы жаңа піскендей болады.