Сотталушы келіншек азаматтық некедегі жұбайының балағат сөздерін көтермей, жанжал кезінде оның мойнына пышақ сұғып, ауыр жаралаған. Жанжалға қызғаныш себеп болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Келіншек сотта кінәсін мойындап, күйеуін өлтіру ниеті болмағанын түсіндірді.
Жәбірленуші, яғни сотталушының азаматтық жұбайы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушыға шағымы жоқ екенін және оны кешіретінін мәлімдеген.
Сот үкімімен қылмыстың мән-жайларын ескере отырып, сотталушыға қатысты жаза оның жеке басына қарай белгіленді, өйткені ол бұған дейін азаматтық жұбайын өлтіргені үшін сотталған, сондай-ақ осы қылмысты бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде жасаған. Сонымен қатар жәбірленушінің сотталушыны қылмыстық жауаптылыққа тартпау жөніндегі өтініші де ескерілді.
Ол ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.