Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін, 11:37 / Інжу Әлихан
Akorda

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев те Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Тэгтер:

Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі