Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігітті өлтіріп кетті (ВИДЕО)

9 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

7 қыркүйек күні Астанадағы түнгі клубтардың бірінде келушілер арасында жанжал болып, соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kozachkov offside телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, демалушылар арасында сөзге келу төбелеске ұласқан. Жанжалдың қызған кезінде қатысушылардың бірі пышақ алып, қарсыласына жарақат салған.

Марқұм небәрі 19 жаста болған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Тэгтер:

Астана түнгі клуб