Каратэші Шыңғыс Тайлиев халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін, 10:56 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Ұлттық құрама спортшысы Шыңғыс Тайлиев Аустрияның Зальцбург қаласында өткен А сериясындағы турнирде кумите бағдарламасында 75 кг дейінгі салмақта жүлде алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қола медаль үшін жекпе-жекте ол Финляндия өкілі Томас Сур Инкеройненді 7-2 есебімен ұтты. Отандасымыз жарыс барысында жеңген қарсыластар: 

Жұбаныш кезеңі: Мисини Мурсел (Македония) 4-0.

Біздің команда Karate 1-Series A Salzburg жарысын 2 қола медальмен 11-сатыда аяқтады.

 

Тэгтер:

каратэ