Халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының бата бергенін сынаған оқырманына ұрысып тастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі тосынсый болып анасының шаңырағына келген.
«Анамның үйіне айтпай келіп қалдым. Аналарымыз аман болсын! Бауырларымызды көріп, арқа-жарқа болып, шай ішіп жатырмыз», – деп жазды әнші.
Алайда желі қолданушылары дастархан басында ер азаматтар отырса да, батаны әншінің анасы бергенін қызу талқылады.
«Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!», «Жесір әйел бата бермеуші еді», «Үйінде шешесі билейтіні көрініп тұр», «Ана балаларының амандығын тілеп, батасын беріп отыр», «Ананың батасы қабыл болсын», – деп жазды көпшілік.
Халық әртісі анасын тілдеген оқырманына жауап қайтарып, ренішін білдірді.
«Не оттап отырсың?! Анасы ұл-қыздарына бата беруге болмайды дегенді бірінші естіп отырмын. Әкеміз өмірден озғалы анамыздың батасымен келе жатырмыз. 11құрсақ көтерген анама қатын деуге хақың жоқ?! Нағыз есалаң сенсің», – деп ашуланды әнші.