Семейде төсегінде жатып шылым шеккен азамат ауруханаға түсті

Бүгін, 09:36 / Алуа Арман
istockphoto.com

Төтенше жағдай бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Келген өрт сөндірушілер қатты түтін басқан пәтерден 1990 жылы туған ер адамды тауып, оны сыртқа алып шықты. Ол көміртек тотығымен улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады ТЖМ.

Көрші пәтерден құтқарушылар екі баланы эвакуациялады.

ТЖМ мәліметінше, өрт отты абайсыз пайдаланудан шыққан.

Тэгтер:

өрт темекі шылым