Боксшы Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Бүгін, 02:01 / Дана Ізтілеуова
Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Сабыржан Аққалықов бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz.

75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Сабыржан алғашқы айналымда Украина елінің өкілі Павел Ильюшамен кездесті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен украиналық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы сапында алғашқы боксшы жарыс жолынан шығып қалды.

Тэгтер:

Сабыржан Аққалықов Бокстан әлем чемпионаты