Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентін құттықтады

8 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі саналатын Солтүстік Македония Республикасымен дәстүрлі достық және өзара түсіністік рухындағы ынтымақтастық ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Тэгтер:

Президент құттықтау