Түркияға ұшып бара жатқан ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонды

8 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
«Атырау Today » телеграм арнасы

Бүгін Екатеринбургтен Анталияға бағыт алған "Azur Air" әуе компаниясының ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты 

«Атырау Today » телеграм арнасының жазуынша, бортта 300-ден астам жолаушы болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бұған техникалық ақау себеп болған. Экипаж жақын әуежайға шұғыл қонуға сұраныс берген.

Қону сәтті өтті, зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Атырау Ұшақ Түркия