Ерейментаудағы турнирде 15 жастағы балуан мойынын сындырып алды

8 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ерейментауда қазақша күрестен республикалық жарыста 15 жастағы ақтөбелік балуан ауыр жарақат алды. Сәтсіз лақтыру кезінде оның мойын омыртқасына зақым келген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жасөспірімге сол жерде алғашқы көмек көрсетіліп, клиникалық өлім тіркелді, бірақ дәрігерлер жүрегін қайта соқтырды. Спортшы жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, шұғыл түрде елордадағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Тэгтер:

Турнир Балуан Ерейментау