Теннисші Аружан Сағандықова Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

8 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

20 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Қытайда өткен ITF W15 сериялы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Финалда Аружан ресейлік Мария Калякинаны ұтты.

Шешуші кездесу 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.

Қазақстандық спортшы ITF аясындағы екінші жүлдесін иеленді. Алғашқысын 2023 жылы Тунистe жеңіп алған болатын.

Тэгтер:

Қытай теннис Аружан Сағандықова