«Туыстарынан қайтып келе жатқан»: Солтүстік Қазақстанда ерлі-зайыпты жол апатына түсті

Бүгін, 09:54 / Алуа Арман

Әйел адам Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы маңындағы трассада көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Апат қыркүйектің жетісіне қараған түні Жезқазған — Петропавл автожолында болған.

Audi көлігінде ер адам мен әйел жүрген. Жұп түннің кеш уақытында туыстарынан қайтып келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне түсіп кеткен.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Audi автокөлігінің 41 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 36 жастағы жүргізуші жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тэгтер:

Жол апаты ерлі-зайыпты Солтүстік Қазақстан