«Азаппен көз жұмды»: Шардарада ұлы мен келінінен таяқ жеген қарияның бақилық болғаны анықталды

Бүгін, 03:58 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Шардарада туған ұлы мен келінінен азап көрген қарияның 4 қыркүйек күні қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, көршісі бұл сұмдықты жасырын видеоға түсіргенімен, полицияға шағымданбаған. Ол түсірген бейнежазбаны қарт азаппен көз жұмғаннан кейін ғана жариялаған.

Аталған жағдайға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалды.

- Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілуге жатпайды, - делінген ақпаратта.