Түркияда тағы жер сілкінді

8 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Түркияның батыс өңірінде магнитудасы 5,0-ге тең жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі халық саны шамамен 238 мың адамды құрайтын Балыкесир провинциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 58 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 8 шақырым тереңдікте болған.

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.