Қостанайда жол талғамайтын көлік құрастырылмақ
Қостанайда жол талғамайтын көлік құрастырылмақ
Қазақстанда тағы бір автокөлік құрастырылмақ. Көлік нарығына елімізде жасалатын тағы бір көліктің қосылуы, автокөлік құнына ықпал етуі мүмкін.
«СарыарқаАвтоПром» қостанайлық кәсіпорны Chevrolet Niva маркалы жол талғамайтын көлігін өндіруді бастады, деп хабарлайды «GM-Автоваз» компаниясының баспасөз қызметі.
Автомобиль ресейлік серіктестер жеткізетін машина жиынтығынан жиналады. «Қазақстан «GM-Автоваз» үшін экспорттың ең маңызды нарығы болып табылады», - делінген хабарламада. «Ал, құрастыруды локализациялау - Қазақстанға әкелінетін автокөліктерді қайта өңдеу және тіркеу алымдарын төлеу бойынша Ресей Федерациясының қолданыстағы қорғаныс шаралары тұрғысынан модельдердің жергілікті нарықтағы бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін тартылған».
Өткен жылдың қорытындысы бойынша «GM-Автоваз» бірлескен кәсіпорны 1 мың 555 Chevrolet Niva жол талғамайтын көлігін экспорттаған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 34,5 процентке аз. Кәсіпорын өкілдері бұл көрсеткішті Қазақстандағы сатып алушылар белсенділігінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Олардың пайымдауынша, жаңа алымдардың енгізілуі көліктер бағасының өсуіне себеп болып отыр.