Әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай украиналық боксшыны жеңді

7 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҚБФ

Ливерпульдегі әлем чемпионатындағы тағы бір қазақстандық боксшы 1/8 финалға жолдама алды. 

80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбек Оралбай аталған доданың 1/16 финалында украиналық боксшы Матвей Ражбамен қолғап түйістірді. Отандасымыздың айқын басымдылығымен өткен жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды.