Махмуд Сабырхан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады

7 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан 1/16 финалдық кезеңдегі айқаста қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.  

55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы мексикалық Бриан Оуен Ортизбен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан отандасымыздың жеңісін тіркеді. 

Осылайша Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін сенімді өткізіп, әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды.