Қазақстандық боксшы Надежда Рябец әлем чемпионатында жеңіліп қалды

7 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Надежда Рябец бұл кезеңде қытайлық Лина Уангпен жұдырықтасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қытай елінің өкілі төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.