6 қыркүйек күні Көкшетаудан Есілге және қайта Көкшетауға бағытталған шұғыл әуе рейсіорындалды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мәліметке сәйкес, 2016 жылы туған 9 жасар балаға шұғыл мамандандырылған медициналық көмек қажет болған. Осыған байланысты «Қазавиаспас» экипажы мен медициналық авиация бригадасы арнайы рейсті дереу ұйымдастырды.
Рейстің бағыты
Әуе кемесі мына бағыт бойынша ұшып шықты:
Көкшетау – Есіл;
Есіл – Көкшетау.
Пациент қажетті емді жедел түрде алуы үшін ұшақ дер кезінде қонды.