Екі полицей қаза тапты: СҚО-да қайғылы жағдай болды

6 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Фото: sadenov_online / instagram

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Чистополье-Шөптікөл» автожолында Chevrolet Cobalt және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып қалған. Екі жүргізуші де сол жерде мерт болды. Осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

– Екі марқұм да ішкі істер органдарының қызметкерлері және олар қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапты. Полиция департаменті олардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады, - делінген баспасөз хабарламасында.