Конго президенті елімізге мемлекеттік сапармен келеді

Бүгін, 12:50 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.