Антикордың экс-төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды

Бүгін, 11:39 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Sputnik.kz

Бас прокуратура экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қожамжаровқа тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.