III Түркі универсиадасы: Қазақстандық дзюдошы студенттер тағы 3 алтын жеңіп алды

5 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қырғыз Республикасында өтіп жатқан ІІІ Түркі универсиадасында Қазақстан студенттері үлкен жетістікке жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дзюдо жарыстарында Әділет Ахметғали (М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті), Мұхамедәлі Мавлидов (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және Жасұлан Халхабаев (Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы) қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иегері атанды.

Осы жеңістердің нәтижесінде қазақстандық студенттер құрамасының қоржынында бес алтын, бір күміс және бір қола медаль жиналды. Бұл көрсеткіш ел жастарының спорттағы әлеуетін, сондай-ақ білім ордалары қабырғасындағы спортшыларды қолдау жұмысының нәтижелігін айғақтап отыр.  

Тэгтер:

дзюдо Түркі универсиадасы