Биыл әншінің отбасы құрғанына 25 жыл толды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жайында өнер иесі әлеуметтік желіде жазды.
"Отағасы Айдын Қаба 45 жасқа толады. Осыған орай ұл-қыздарымызбен ақылдастық. Жанашыр елді жинап, батасын алсақ деп отырмыз.
Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері. Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар, қызық-қуанышымыз көп болсын дейік! Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең - қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік. Тойға келе алмағандар Roza Alkhoja деген YouTube арнамыздан тегін тамашалай алады. (Ссылкасын саламыз!) Оған әр қуанышымызда атсалысып, балаларын жіберіп, бір жағымнан көтеріп алатын @jenka.studio жауапты! Қалыңдыққа @aidakaumenova_official көйлек тігіп жатыр!", - деп жазды әнші.