Қазақстанның халық әртісі өмірден өтті

5 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, сахна саңлағы Сапар Өтемісұлының өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қайғылы оқиғаға байланысты Сапар Өтемісұлының туған-туыстары мен жақындарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

"Сапар Өтемісұлы – алпыс  жылдан астам уақыт бойы өнерге адал қызмет етіп, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының өсіп-ілгерілеуі жолында тынбай тер төккен, ұлттық театр өнерінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі. Ол жүздеген рөлдері арқылы қазақ сахнасының өрісін кеңейтіп, көрерменнің жүрегіне жол тапқан шынайы өнер иесі еді. Өмірін театрға арнап, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан қайраткердің еңбегі ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!", -  делінген ведомствоның көңіл айту хатында.

Тэгтер:

халық әртісі өмір Сапар Өтемісұлы