Шерзат Полаттың отбасын қаралаған блогерге сот үкімі шықты

Бүгін, 16:24 / Алуа Арман
Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде «Доктор» деген бүркеншік атпен танымал блогерге қатысты тағы бір сот шешімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы марқұм жасөспірім Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Адвокаттың айтуынша, бұған дейін Қаржаубай Нұрымовтың әкесіне жала жапқаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған блогер енді жаңа сот шешімін орындауға міндетті. Қаулыға сәйкес, «Доктор» Қаржаубайдан оның отбасына тіл тигізгені үшін жария түрде кешірім сұрауы тиіс.

«Сот «Докторды» Қаржаубайдан отбасына тіл тигізгені үшін жария түрде кешірім сұрауға міндеттеді. Ал моральдық зиян үшін 400 мың теңге, өкілдік шығындарға 500 мың теңге өтемақы төлейді», – деді Мейірман Шекеев.

 

Тэгтер:

блогер Шерзат Полат Қаржаубай Нұрымов