Түркі универсиадасы: Қазақстандық студенттер тағы 3 жүлде жеңіп алды

Бүгін, 16:11 / Інжу Әлихан
gov.kz

5 қыркүйек күні Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Түркі универсиадасында қазақстандық студенттері дзюдо жарыстарында үш жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Баишев университетінің студенті Гүлнұр Баханова Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды. Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің студенті Іңкәр Тулепбергенова күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Нұршат Кемелханқызы қола жүлдені жеңіп алды.

Осылайша, жалпы есепте Қазақстан студенттері 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Бұл жетістік – жас спортшыларымыздың еңбегі мен жігерінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар еліміздегі студенттік спорттың қарқынды дамуының айқын дәлелі.

Тэгтер:

студент дзюдо Түркі универсиадасы