ҰҚК қызметкерлері ел тарихындағы ең ірі есірткі партиясын тәркіленді

Бүгін, 15:42 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматыда республика тарихындағы ең ірі бір реттік cалмағы 13 тонна 183 келі кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді.

Осы жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасауды көздеді.

Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Алматы есірткі тәркілеу ірі партия