Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Істі сотта қазылар алқасы қарайды. Тергеу мәліметінше, ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Алдын ала деректер бойынша, қылмысқа қызғаныш себеп болған.
Әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды. Артында 3 баласы қалды.
Үш айдан соң іс сотқа жолданды. Ол қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады. Күдіктіні қазылар алқасы соттайды. Олардың іріктеуі 16 қазанға белгіленді.
Айта кетейік қайғылы оқиға 28 мамырда Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданына қарасты Шаған ауылында болған. Марқұмның күйеуін сол күні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Шаған ауылдық округінің әкімдігінде марқұмның отбасылық тұрмысы жақсы болғанын, еш жерде есепте тұрмағанын хабарлады. Қаза болған әйел мен күдіктінің жасы шамамен 30-да болған.